21 октября 2020
36

МОНИТОРИНГТIК ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

20 қазанда Теректі ауданы əкiмiнiң ɵкiмiмен құрылған мониторингтiк топ мүшелерi мектептердегi санитарлық талаптардың сақталуын тексердi. Ауданымыздағы Ақсуат, Магистральный, Шаған, Ұзынкɵл мектептерi мен "Тұлпар", "Алмажан", "Бүлдiршiн" бɵбекжайларында коронавирус iндетiнiң алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралардың тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды.

Тексерiс барысында мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің дене қызуының өлшенуі, дәліз, оқу кабинеттерін ылғалды тазалау, кварцтау кестесінің орындалуы, қол жуатын жерлерде сусабын, қағаз, электр сүлгінің болуы, оқушылар мен мектеп ұжымының бетперде режимін сақтауы, антисептик, дезинфекциялық жабдықтың болуы т.с.с. қаралды.
Барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған. Кемшiлiктер анықталмады.

Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң баспасɵз қызметi